развлекательный комплекс
Открыто до 01:00
0
0 отзывов
Опубликовано 16 Дек 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Егемен еліміздің байрағы биікте самғап, мемлекетіміздің абыройы асқақтай берсін!
Тәуелсіздік – ата бабаларымыз армандап, ұрпақтары қол жеткізген ұлы күн. Тәуелсіздігіміз үшін қаншама аға әпкелеріміздің ащы терлері мен жазықсыз жандары қиылды.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 27 жыл. Жиырма жеті жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз Президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 
#казахстан #алматы #тәуелсіздіккүні #құттыболсын #желтоқсан